Жұма, 09 Қыркүйек 2016   |   518 рет оқылды

ӨКІЛ ИМАМ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

Биыл Құрбан айт мерекесі 12 қыркүйек күні басталып, үш күнге созылмақ. Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров «Құрбан айт» мерекесіне дайындығы жөнінде бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

         Талғат Омаров Арафа күнінің қасиеті жөнінде кеңінен тоқталды. Осы күні жасалған игі амалдардың сауабы еселене түседі.
    - Әрбір мұсылман негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болып, Құрбан айт уақытында жолаушы болмаған жағдайда құрбандық шалуы керек. Қала және аудан орталықтарында құрбандыққа мал шалатын арнайы орындар белгіленді.

10 қыркүйек күні Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Құрбан айт» мерекесіне арналған іс-шара өткізілмек.

Ал 12 қыркүйек күні «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің алдында киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастархан жайылатын болады. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен спорттық сайыстар ұйымдастырылмақ. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Құрбандыққа шалынған малтың еті аз қамтылған отбасыларға таратылып беріледі. Құрбан айтта ет алатын адамдардың тізімі жасалуда. Бүгінгі күні орталық мешітке 200-ге жуық өтініш келіп түсті, - деді Т.Омаров.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы