Сәрсенбі, 14 Қыркүйек 2016   |   598 рет оқылды

Мейірімділік пен ізгілік мерекесі Құрбан айт

Осындай атаумен Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде рухани кеш ұйымдастырылды.

Рухани кешті ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырды.

Шараның құттықтау сөзін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы сөз сөйлеп ашты.

Өз сөзінде бас имам Т.Омаров Құрбан айт мерекесінің құндылығы, ізгілік мейрамының жұртшылыққа сыйлар қуанышын айтты.

Сонымен қатар, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов жиналған қауымды мерекемен құттықтап, аймақтағы діни ахуалға тоқталды.

Рухани кеште көрермендер діни әндер тыңдап, тағылымды көріністер көрді.

Кеш барысында бас имам Т.Омаров аймақтағы Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосқан бірқатар имамдарды алғыс хатпен марапаттады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы