Бейсенбі, 29 Қыркүйек 2016   |   438 рет оқылды

Молдалар біліктілігін арттырды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала мешіттерінің молдаларына арналған семинар өткізілді.

Семинарға қатысқан 30-ға жуық молдаға діни сауаттылықтың маңыздылығы, Ислам дініндегі діни рәсімдерді өткізудегі талап пен әдеп, халықпен қарым-қатынас жүргізудің әдебі жөнінде айтылды.

Семинарды жүргізген ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы осы мәселелерге тереңнен тоқталса, ұстаз М.Гаджиев Құран оқудағы сауаттылық қа ұқыптылықпен қарауды жеткізді.

Имам-молдалар әрдайым халық алдында қызметте жүргендіктен өткізілген семинардың олар үшін маңыздылығы зор болды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы