Дүйсенбі, 03 Қазан 2016   |   521 рет оқылды

Өз-өзіне қол жұмсау – ауыр күнә

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлының бастамасымен осы тақырыпта қаладағы барлық жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастарымен кездесулер өтуде.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жас жеткіншектер арасында осындай ауыр әрекеттердің орын алып жатқанын баршамыз естіп те, оқып та жүрміз.

Ал өз өмірін өлімге қиюдың шариғаттағы үкіміне келсек, Ислам дінінде жазықсыз адамды өлтіру немесе өзін-өзі өлімге қию – Алланың ашуы мен аса ауыр азабына себеп болатын ауыр күнә.

Алла тағала «өздеріңді өлтірмеңдер» деу арқылы мұсылман қауымына қатаң ескерту жасаған.

Осы бағытта мешіт имамдары жастарға уағыз-насихат жүргізіп, олардың көкейлеріндегі сауалдарына жауап берді.        

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы