Жұма, 07 Қазан 2016   |   327 рет оқылды

Бірлікке бастар төрт құжат

   Өздеріңізге белгілі, ҚМДБ тарапынан қабылданған 4 құжат «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті»  имамдар үшін еңбек етуге, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауда маңызы зор болды.

   ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлының бастамасымен қаладағы ауыл имамдарына төрт құжатқа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, семинар-тренинг өткізілді.

   Н.Ілиясов ауылында өткен семинар-тренингте бас имам Т.Омаров Ислам дінін насихаттауда ауыл имамдарының ролін баса түсіндірді.

   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазретінің әрбір өңірде мұсылмандар тұғырнамасы мен имамдардың тұлғалық келбеті жайында өзге де барша мұсылман қауымына түсіндіру, онда айтылған мәселелер мен уағыздарды жеткізуді қала және аудан, сонымен қатар ауылдардың имамдарына жүктеген болатын.

   Аталмыш семинарда имандылықты насихаттаған қала, ауыл имамдары мен молдалар қатысып, имамның және мұсылманның тұлғалық келбеті бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы