Сенбі, 15 Қазан 2016   |   339 рет оқылды

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария»  мешіті жыл сайын қарттар мен мүгедектерге құрмет көрсетуді назардан тыс қалдырған емес.

 Мешіт ұжымы қаладағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінде болды.

 Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлының сәлемдемесін жеткізіп, насихатын айтты.

 Өз кезегінде өнерпаздар қарттарға ән, биден шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Пайғамбарымыздың с.ғ.с хадистеріндегі «Әлсіздерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге мейірімділік көрсетіңдер!» (Шира), «Қарттарға құрмет және сияпат, Алла тағалаға деген құрметтен туындайды.» (Бұхари) – деген өсиеттерді ескерген мешіт ұжымы сый-сияпат жасауды да ұмытпады.

Мешіт ұжымы атынан аталмыш нитернат үйіне соңғы үлгідегі бағалы шаңсорғыш тарту етілді.

Өз кезегінде қариялар батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы