Дүйсенбі, 17 Қазан 2016   |   462 рет оқылды

РАНТ МҮШЕСІ СЫР ЕЛІНДЕ

Сыр өңірінде жыл сайын республикалық ақпараттық насихат топ мүшелері болып аймақтың аудан, ауылдарын аралап, Ислам дінінің өркен жаюына, халық көкейіндегі сұрақтарға жауап беруге атсалысып келеді.

 Қызылорда облысына кезекті іссапармен әл-Азһар университетінің түлегі, дінтану ғылымының магистрі, «Нұр Мүбарак» ислам мәдениеті университетәнәң дін және тәрбие бөлімінің меңгерушісі, ұстаз Рахымжан Әкімбеков келді.

 Тұрғындармен және жамағатпен кездесулер Төретам кенті, Қазалы ауданы және  Арал қаласында ұйымдастырылды.

 Кездесулер «Исламдағы әдептілік», «Ең үлкен жиһад – нәпсімен күрес», «Отанды сүю-иманнан» тақырыптарында өрбіді.

 Аталмыш тақырыптарда уағыз-насихат жүргізген ұстаз Р.Әкімбековтен қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.

 Жыл сайын жастардың дінге бетбұрысы жоғарылауын ескерер болсақ, аталмыш уағыз-насихаттың өзіндік пайдасы мол деуге болады.

 «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілетін РАНТ мүшесі Р.Әкімбековтың кезекті кездесулері Қызылорда қаласында жалғасын табатын болады.      

Қызылорда облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы