Бейсенбі, 27 Қазан 2016   |   401 рет оқылды

6 күнде 60 кездесу

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария»  мешітінің ұйымдастыруымен «6 күнде 60 кездесу» ұранымен жергілікті ақпараттық насихаттық топ бірнеше кездесулер өткізді.

Кездесулер облысқа қарасты аудан, ауылдық округтерде өтті. Атап айтар болсақ, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен ауданға қарасты ауылдық округтерде ұйымдастырылды. ЖАНТ құрамында қалалық мешіттің бас имамдары болды.

Кездесуде имамдар жергілікті халықпен, мешіт жамағаттарымен және мекеме, ұйым ұжымдарымен, жастармен кездесті. «Дін – насихат» дегенді ескерер болсақ, жүргізілген насихаттық кездесулерде Ислам дінінің ерекшелігі мен дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын-алу бағыттары сөз болды. Сондай-ақ имамдар биылғы «Дін және тарих тағылымы» жылы аясындағы шаралар мен оның маңыздылығына тоқталды.

Аталмыш бағыттағы шаралар алдағы уақытта қалаға қарасты ауылдық округтер мен кенттерде де жалғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы