Сәрсенбі, 02 Қараша 2016   |   387 рет оқылды

ӨКІЛ ИМАМ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қаладағы жоғары оқу орындарының студент жастарымен кездесті.

Бүгінгі таңда жастар арасында мәселеге айналып отырған – өз-өзіне қол жұмсау тақырыбында сөз қозғаған Т.Омаров жастарға біршама маңызды мағлұматтар берді.

Ислам дінінде өзін-өзі өлімге қию – Алланың ашуы мен аса ауыр азабына себеп болатын ауыр күнә. Ислам дінінің, қасиетті Құран мен хадистің көрсетуінше, адам баласының бәрі де жоғары, үстем. Ол әйел болсын, еркек болсын, кәрі болсын, жас болсын, әрбір адам қадірлі және құрметті.

Осы бағытта уағыз-насихат жеткізген өкіл имамға жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауап алды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы