Сенбі, 05 Қараша 2016   |   418 рет оқылды

Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы жастармен кездесті

Қызылорда өңірінде қасиетті Ислам дінінің өркен жаюына, жастар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын алуда жыл сайын бірқатар жүйелі шаралар ұйымдастырылып, республика көлемінде қызмет ететін мамандардың кездесулері өткізіліп тұрады.

Осы бағытта қараша айының 3-5 аралығында РАНТ мүшесі, «Нұр Мүбарак» Ислам университетінің магистрі, ҚМДБ-ның шариғат бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы аймағымызда болып, орта арнаулы оқу орындарында жастармен кездесті.

Сондай-ақ маман кездесуі жергілікті мекемелердегі мамандар  мен мешіттерде жамағатпен жүздесті.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жұма уағызын жүргізіп, қалалық «Айтбай», «Ыбрайым молда» мешіттерінде болып, мешіт жамағаттарына насихат айтты.

Сала маманы жастардың көкейлерінде жүрген маңызды сұрақтарына жауап беріп, еркін пікір алмасу өрбіді.

«Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген аталмыш кездесулер қатысушылар көңілінен шығып, ризашылықтарын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы