Сейсенбі, 08 Қараша 2016   |   316 рет оқылды

Жаңа мешіт ашылды

Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде сыйымдылығы 200 адамға арналған жаңа мешіт ашылды. 

Мешіттің ашылуына  ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі орталық Ақмешіт-Сырдария мешітінің бас имамы Талғат Омаров Сейіткәрімұлы және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Нұрхан Бұхарбайұлы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.

Осы кезеңге дейін ауылда мешіт болмаған. Мешіт салып беруші ауыл тұрғындары Рахматуллаевтар әулетіне тұрғындар ризашылығын білдірді. Аумағы 300 шаршы метрді алатын мешіттің жағдайы жасалған. Дәрет алатын орындар ыстық сумен қамтамасыз етіліп, едені жылумен жүйеленген. Жанында мешіттің имамына арналған 2 бөлмелі үйі де бар.

Алланың жердегі үйінің тұрғызылуына септігі тиген барша азаматтарға халық ризалығын білдіріп жатты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы