Сәрсенбі, 09 Қараша 2016   |   568 рет оқылды

Үш жақты келісім шарт – діни ілім алудың өзегіне айналмақ

Жыл өткен сайын елімізде діни ілім алып, дінге бет бұрған жастардың қатары өсіп келеді. Еліміздегі Ислам дінінің өркен жаюына атсалысқысы келетін жас мамандар қатары да толығуда. Бұған жергілікті өкілдік пен еңбек етуші имамдардың насихаты да өз септігін тигізуде.

Қызылорда өңірінен жыл сайын 50-ге жуық жастар медреселерге жіберіліп, 2000-ға жуық ер азаматтар, 500-дің үстінде әйел адамдар сауатын арттырады.

Жалпы бұл бағыттағы шараларды күшейту ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады.

Атап айтар болсақ, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы игі істің қасынан табылып, жұмысты және бір жүйеледі.

Яғни, өкіл имам Т.Омаров «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің студент жастарымен кездесті.  Бұл үрдіс жыл сайын жүйелі түрде ұйымдастырылуда.

Биылғы кездесудің ерекшелігі – өкіл имам студент жастармен және аталмыш білім ордасымен арнайы келісім-шартқа отырды.

Бас имам Т.Омаровтың қадағалауы мен жанашырлығының арқасында өңірімізден білім алушы 16 студенттің оқу ақысы төленіп берілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті, студенттер арасындағы бұл келісім-шарт – алдағы уақытта діни ілім алудың өзегіне айналып, шәкірттер қатарының көбеюіне септігін тигізеді деген сенім мол.

Сондай-ақ кездесу барысында еркін пікір алмасылып, жастарға арнайы дастархан жайылып, аймақта еңбек етуге ұсыныс білдірілді.        

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы