Дүйсенбі, 21 Қараша 2016   |   468 рет оқылды

«Үлгілі имам – діннің келбеті» атты облыс имамдарының ІІ алқалы жиыны өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыс имамдарының ІІ алқалы жиыны өткізілді.

«Үлгілі имам – діннің келбеті» тақырыбында өткізілген жиында имам-молдалар үшін маңызды бірнеше мәселелер қозғалды.

Жиынды ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізді.

Жиынға ҚМДБ  - ның жалпы және жастармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі – Алтынбек Ұтысханұлы, ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы да қатысты.

«Имамның тұлғалық келбеті» тақырыбында баяндама жасаған Алтынбек Ұтысханұлы бүгінгі таңда имамдарға қызмет бабында қойылатын негізгі талаптарға тоқталды.

Имам – діннің келбеті екендігін ұғындырып, өз ісіне жауапкершілікпен қарауды баса түсіндірді.

Ал, Ризабек Батталұлы имамдық қызметтің жауапкершілігіне тоқталды. Халықпен етене еңбек ететін имамдардың әрбір сөзі, әрекеті ел алдында болғандықтан үлгілі болудың маңызды екендігін жеткізді.

Алқалы жиын аясында сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының орынбасары Мұсаев Маралбекхабарлама жасаса, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы Гаджиев Мұхтар ілімнің маңыздылығы турасында насихат айтты.

Алқалы жиын аясында «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы бірнеше қалалық мешіттер мен оқу орындарында болып жастармен кездесу жүргізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы