Дүйсенбі, 21 Қараша 2016   |   519 рет оқылды

Алтынбек Ұтысханұлы Сыр елінде

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің  мұрындық болуымен ҚМДБ  - ның жалпы және жастармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі – Алтынбек Ұтысханұлы Сыр елінде іс-сапарда болды.

Іс-сапар аясында Алтынбек Ұтысханұлы бірнеше мекемелерде жастармен кездесу өткізіп, орталық «Ақмешіт Сырдария» мешітінде уағыз-насихат жүргізді.

Қаладағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де Алтынбек Ұтысханұлы қыз балалармен кездесуге қатысты. Келелі кездесуде Ислам дінініндегі әйелдің орны туралы насихат айтылды.

Ал, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы облысымызда әйел жамағаттармен жүргізілген шараларға тоқталды.

Кездесуде қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, жауаптар алды.

Одан бөлек Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында болып, «Дін мен Діл» бағдарламасына қатысып, сұқбат берді.

        

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы