Дүйсенбі, 28 Қараша 2016   |   487 рет оқылды

ОБЛЫС ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде облыс имамдарының жылдық есепті жиналысы өтті.

2016 жылғы атқарған жұмыстарды қорытындылауға барлық қалалық, аудандық мешіттердің бас имамдары  қатысты.

Биылғы 2016 жыл «Дін және тарих тағылымы» жылы аталғаны белгілі. Мешіттер осы жыл аясында атқарған шараларымен қатар, ҚМДБ бекіткен төрт бағыт бойынша ұйымдастырылған шараларға тоқталды.

Атап айтар болсақ, өзге діни ағымдардың алдын алу, қайырымдылық, уағыз-насихат және сауат ашу жұмыстары.

Облысқа қарасты барлық мешіттерде қайырымдылық шаралары қарқынды жүргізіліп келеді. Мешіт жанындағы сауат ашу курстары жыл сайын шәкірттер санын көбейтіп, медреселерге жіберуде.

Ал, уағыз-насихат шараларының саны былтырғымен салыстырғанда өсіп отыр.

Осы және өзге де шараларға тоқталған мешіт имамдары алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Жалпы, биылғы жылдың өзінде қала және аудан имамдарының қатысуымен 38 жиналыс өткізілген.

Қала және аудан имамдарының жылдық есебін тыңдаған орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы аталған жұмыстардың жауапкершілігіне тоқталып, алдағы қызмет барысына сәттілік тілеп, тапсырмаларды пысықтады.        

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы