Бейсенбі, 15 Желтоқсан 2016   |   201 рет оқылды

Нұр - Мүбарак университетінің ұстазы имамдарға семинар өткізді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жыл сайын имам-молдалардың кәсіби біліктілігін арттыру, дінге қызмет ету барысында жауаапкершілігін шыңдау бағытында семинарлар, оқыту курстарын, семинар-тренингтерді жүйелі ұйымдастырып келеді.

Осындай кезекті семинар орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ұйымдастырылды. Семинарды Нұр - Мүбарак Египет Ислам университетінің ұстазы Құрманбаев Қайрат жүргізді.

Семинар барысында имамдарға діни сауаттылық, имамның тұлғалық келбеті, жат ағымдармен күресу бағытында насихаттар айтылып, пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ семинарға облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы Дәрібаев Жеңісбек Әнәпияұлы да қатысты.

Ж.Дәрібаев өз кезегінде діни ахуалға қатысты аймақта жүргізіліп отырған шаралар мен жоспарларға тоқталды.        

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы