Бейсенбі, 22 Желтоқсан 2016   |   472 рет оқылды

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінде мәуліт оқылды

Бүгінде әлем мұсылмандарының халықтық мерекесіне айналған, қуаныш пен шаттық күні болған, «Мәуліт мерекесі» сан ғасырдан бері жыл сайын тойланып келеді.

Барлық дерлік мешіттерде Мәуліт оқылып, Расулуллаһ еске алынады.    

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде де мәуліт айының құрметіне арнайы шара ұйымдастырылды.

Шара аясында жамағатқа арнайы ас беріліп, адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.ғ.с.) салауат айтылып, мәуліт оқылды.

Сондай-ақ шара барысында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жиналған жамағатқа имандылық, Мәуліт айының қадір – қасиеті турасында уағыз-насихатын жеткізді.        

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы