Жұма, 23 Желтоқсан 2016   |   263 рет оқылды

Қызылордада Бас Мүфти тапсырмасы талқыланды

ҚМДБ- ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала мешіттері имамдарының қатысуымен жиналыс өтті. Жиналысты ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы өткізді.

Жиналыс барысында ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы тарапынан болған тапсырмалар талқыланды.

2016 жылдың 16 қарашасында өткен Ғұламалар кеңесінің мәжілісінде республикамыздағы мешіттердің ішкі тәртіп ережесі бекітілген болатын.

Аталмыш ережеде мешітке келуші жамағаттардың, мешіт қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, діни қызметке байланысты басқа да жауапкершіліктер толық қамтылған.

Осы және басқа да тапсырмаларды қала имамдарына түсіндіріп өткен бас имам Т.Омаров ереженің қала мешіттерінде ілініп тұру керектігін де тапсырды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы