Сейсенбі, 27 Желтоқсан 2016   |   572 рет оқылды

Әл – Ақса мешітінің имамы Сыр елінде қонақта

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Әл – Ақса мешітінің имамы Пайғамбарымыз с.а.с ның немересі, Хасаннан р.а дан тараған ұрпағы Шейх Наджих Бкерат қонақта болды.

Жалпы Әл-Ақса мұсылмандардың жүрегінде ерекше орынға ие –Исламның үшінші қасиетті мекені.

Осы жерге Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Исра мен Миғраж сапарында апарылған болатын. 

Осы мекеннен Сыр еліне тұңғыш рет келген Шейх Наджих Бкерат орталық мешіт тынысымен танысып, өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлымен кездесті.

Өз кезегінде өкіл имам қонаққа қасиетті Құран Кәрімді, жайнамаз, тәспі және ұлттық үлгідегі қаламды сыйға тартты.

Шейх Наджих Бкерат мешіт қызметіне ризашылығын білдіріп, бас имам Талғат Сейіткәрімұлының еңбегіне, қызметіне  береке тілеп, дұға жасады.

Сондай-ақ, сол күні ұйымдастырылған қалалық "Қалмұхаммед ишан" мешітіндегі Мәуліт мерекесіне қатысты.

Сыр еліндегі Мәулітке қатысқан Шейх Наджих Бкерат ел тыныштығы үшін дұға етті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

         

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы