Сейсенбі, 27 Желтоқсан 2016   |   413 рет оқылды

Қалалық «Айтбай» мешіті Мәуліт өткізді

Елімізде күллі мұсылман қауымына ортақ – Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күні Мәуліт мерекесі тойлануда.

Осы орайда Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде «Мәуліт мүбәрәк болсын» шарасы ұйымдастырылды.

Қасиетті Мәуліт айы кірісімен қалалық «Айтбай» мешіті жамағатқа арнайы Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірі мен Мәуліт айының қадір қасиетін түсіндіретін ақпараттық парақшалар таратып, жалпы жамағатқа насихаттаған болатын.

Ал, арнайы ұйымдастырылған шараға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің бас имамы Талғат қажы Омаров арнайы қатысып, жамағатты Мәуліт айымен құттықтап, қасиетті айдың маңыздылығына тоқталып, насихатын жеткізді.

Мереке барысында Мәуліт оқылып, "Елшілердің мөрі - Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар атты бейнеролик көрсетілді.

Қатысушы жамағатқа және бүлдіршіндерге пайғамбар өмірінен сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге Құран кітап және тағы басқа сыйлықтар табысталды. Балаларға мәуліт айының құрметіне арнайы сыйлықтар үлестірілді.

Сондай-ақ,  шара барысында тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген отбасыларына қайырымдылық жасалып, азық-түлік таратылды.

Шара аясында арнайы дастархан жайылып, қатысушы жамағат аталмыш шараны ұйымдастыруға мұрындық болған мешіт ұжымы мен «Айтбай» мешітінің бас имамы Нұржан Пірәліұлына ризашылықтарын білдірумен тарқасты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы