Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2016   |   391 рет оқылды

Шәкірттер саны артуда

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінен жыл сайын біршама шәкірттер діни ілім алып, Ислам дінінің өркен жаюы жолында қызмет етуге ынталары артып келеді.

Ислам дінінде білім алудың маңызы өте зор.

Хадистерде «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп қанаттарын жаяды.

Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы және жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Алладан оның күнәларының кешірілуін тілейді!» (Термези) –деп айтылған.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы Гаджиев Мұхтардың шәкірттер дайындап, жастардың діни білім алуға құлшынысын оятуда еңбегі зор.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде күнделікті тұрақты дәрістер жүргізіліп, шәкірттер саны артуда.

Жыл сайын облыс бойынша 1000-нан аса шәкірт білім алып шықса, орталық мешіт тарапынан 70-ке жуық жастар діни ілім ордаларына жіберілген.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы