Сейсенбі, 17 Қаңтар 2017   |   499 рет оқылды

Қыздар секторы Мәуліт мерекесін атап өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің қыздар секторы қыздар жамағаы арасында Мәуліт мерекесін атап өтті.

Шараға сондай-ақ, жалпы және жастар бөлімі атсалысты. «Мәуліт мүбарак болсын» атты рухани шарада мешіт жамағаттарынан құралған нәзік жандылар өз туындыларын оқып, тәлімі мен тәрбиесі мол қойылымдар қойды.

Шарада қасиетті Мәуліт мерекесінің мән маңызы түсіндіріліп, діни әндер орындалды.

Сонымен қатар, дұға жасау, Алла Тағалаға мақтау, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айту секілді ғибадаттар орындалып, қатысушылар ризашылықтарын білдірді.

Шара соңында қатысушыларға арналған дастархан жайылды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы