Жұма, 20 Қаңтар 2017   |   298 рет оқылды

Мешіт жамағаттары мұз айдынында

«Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген сөз босқа  айтылмаса керек.  Бірлік, татулық, көзқарастардың бір ұстанымы қай ортаға болса да қажет. Бүгінгі таңда жыл санап мешіт жамағаттарының саны артып, басым көпшілігі жастарды құрайтыны да белгілі.

Мешіт жамағаттары арасында ауызбіршілік ұстанымын нығайту, пікір алмасу, пайдалы демалыстар өткізу қолға алынып, жамағаттар арасында өтетін түрлі сайыстар да бірлікті қалыптастыруда.

Осы мақсатта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жамағаттары мешіт имамымен бірлескен түрде қалада орналасқан «Мұз айдыны» кешенінде болды.

Өзара татулықтың үлгісін көрсете білген жамағаттар алдағы уақытта да бірнеше жоспарларды жүзеге асыруды ойға алуда.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспаөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы