Жұма, 27 Қаңтар 2017   |   366 рет оқылды

Өкіл имам жастармен кездесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қаладағы Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде болып жастармен кездесті.

Кездесу мақсаты – жастар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын алу, жастар арасында теріс ағымдардың зияны турасында насихат жұмыстарын жүргізу болды.

Уақыт өткен сайын жастардың мешіттерге көптеп келетіндігін сөз еткен өкіл имам жастарды теріс ағымның жетегінде кетуден сақтандырды.

Сондай-ақ, діни сауат ашу, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алу бойынша тек мешіт имамдарынан ғана жүгіну керектігін жеткізді.

Шараға қатысушы жастар бас имам Т.Омаровқа сауалдарын жолдап, жауап алды.

Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы