Дүйсенбі, 30 Қаңтар 2017   |   239 рет оқылды

Өкіл имам сабақ жүргізуде

Ислам дінінде білім алудың артықшылығы мен маңыздылығы жөнінде терең мағынада айтылғаны белгілі.

Әсіресе хадис жаттаудың, хадистерді білудің өзіндік сауабы мен артықшылығы жоғары.

Ислам дінінде Алланың сөзі Құран кәрімнен кейінгі орында пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөзі болып табылатын хадистер екені даусыз.

Хадисті оқу – құлшылық, оны үйрену – сауап болып табылады.

«Үмбетімнен қырық хадис үйренген әрі үйреткен жанды Алла тағала фақиһтар мен ғалымдар қатарында тірілтеді» (Бәйһақи, Ибн Малик) деген хадисті біліп, осы қағиданы ұстанып, жамағаттарға арнайы хадис сабақтары өткізілуде.

Сабақты ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізуде.

Өз сабақтарында өкіл имам Т.Омаров хадис шәріптер дініміздің бүкіл қырларын Расулалланың тілімен бізге жеткізетіндігін, ислами өмірдің қыр-сырына үйрететінін жеткізуде.

Сабақтар сейсенбі және бейсенбі күндері құптан намазынан кейін өтуде.

Аталмыш дәрістер кезең-кезең бойынша өз жалғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы