Сәрсенбі, 01 Ақпан 2017   |   308 рет оқылды

Қыздар секторы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанындағы қыздар-әйелдер секторы құрылғалы бері біршама насихаттық, қайырымдылық, рухани шаралар ұйымдастырып келеді. Кезекті шара орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өтті. Қайырымдылық жәрмеңкесі аясында қала мешіттеріндегі әйелдер жамағаты қолөнер бұйымдарын, үйден жасалған тәтті өнімдерді саудаға шығарды. Саудаға шығарылған өнімдерден түскен қаржы қайырымдылық бағытта жұмсалатын болады.  Қыздар секторының облыстағы жетекшісі Файзуллина Марал ұстаз бұдан бөлек те біршама шараларды жоспарлап, жалпы облыс бойынша әйелдер жамағатымен жасалатын жұмысты күшейтуді жоспарлауда.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы