Дүйсенбі, 06 Ақпан 2017   |   210 рет оқылды

Ауыл молдалары біліктілігін арттырды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен  Арал аудандық мешіті жылдық жоспарға сәйкес ауданға қарасты ауыл имамдарына арналған арнайы дәріс өткізді.

«Ақида» сабағынан ауыл имамдарына арналған дәріс бір аптаға созылды.Оған ауданға қарасты барлығы 15 имам және 10 молда қатысты.

Арал аудандық мешітіне қарасты ауыл имамдары мен молдаларына дәріс барысында діни ахуалдың тұрақтылығын және мешіт әдебін сақтаудың мән-маңыздылығы түсіндірілді.

Өз кезегінде аталмыш сабақтар түрлі тақырыптар бойынша алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық  «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы