Бейсенбі, 09 Ақпан 2017   |   215 рет оқылды

Өкіл имам сабақтары нәтижесін беруде

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы шәкірттерге, мешіт жамағаттарына арнап жүйелі сабақтарын өткізуде.

Өкіл имамнан дәріс алушылар өз ризашылықтарын білдіріп, рухани, діни ілімге деген құштарлықтарының артып отырғандығын жеткізуде. Сондай-ақ, сабаққа қатысушылар саны да артуда.

Жалпы, Ислам дінінде ілім алудың маңызы өте зор.

Пайғамбарымыздың (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ілім алудың маңызы жайлы айтқан хадисі бар. Ол (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Расында, ілім иелері – пайғамбарлардың мұрагерлері», - деген екен.

Демек, осындай иігіліктің істің басында жүрген бас имам Т.Омаров ілім беріп қана қоймай, жастарды, тұрғындарды діни сауатттарын арттырып, дұрыс жолға бағыттауда.

Бұл сабақтар жүйелі жүрде жалғаса беретін болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы