Бейсенбі, 09 Ақпан 2017   |   293 рет оқылды

Сыр имамдары жолдауға қолдау білдірді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Елбасы Жолдауы – жарқын болашақ пен ынтымақ, бірліктің  кепілі» атты Елбасы Жолдауына қолдау білдіру мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы, Облыстық ішкі саясат басқармасының дін істері бөлімінің маманы Есов Ерсұлтан Қажымұқанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары Мұсаев Маралбек Бақтиярұлы қатысты.

Шараға қатысқан барлық қала және аудан, ауылдық округ мешіттерінің бас имамдарына Елбасы Жолдауының негізгі мақсаты мен аталған басым бағыттар түсіндірілді.

Ел бірлігі мен дінаралық татулықты сақтаудың маңыздылығы, діни экстремизм құбылыстарымен күресудің қажеттілігін Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жолдауда атап өткендігі де айтылды.

Елбасы Жолдауында: «Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек» деп айтылған.

Осы және басқа да Жолдау міндеттеген мақсаттар, басым бағыттар мен алға қойған жоспарлар турасында кеңінен сөз болды.

Шарада сөз алған имамдар өз қолдауларын білдіріп, пікірлерін жеткізді.         

Қызылорда облыстық  «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы