Дүйсенбі, 13 Ақпан 2017   |   388 рет оқылды

Қызылордада «әжелер мектебі» құрылды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария»  мешіті жанындағы Жалпы және жастар ісі бөлімі, Қызылорда облысы бойынша әйелдер-қыздар секторы өз жұмысын қарқынды жүргізуде.

Өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлының ұсынысымен орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде тәлімі мол, тәрбиелік маңызы жоғары іс-шара өтті.

Атап айтар болсақ, орталық мешітке қаламыздағы қажы әжелеріміз шақырылып, сектор жанынан «Әжелер мектебі» ашылды.

Қажы апаларымызбен бас қосқан қала мешіттерінің ұстаздары, әйел-қыздар жамағаты дөңгелек үстелде қыз балалар тәрбиесі үшін маңызды тақырыптарды қозғап, ақыл-кеңестер тыңдалды.

«Қыз өссе – елдің көркі» тақырыбымен өткен бұл дөңгелек үстелде қоғамда орын алып отырған қыз балалардың тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер, қыз бала тәрбиесі үшін маңызы зор насихаттар айтылып, әжелер тарапынан салт-дәстүрге сай өнегелі өсиеттер де сөз болды.

Шара соңында қажы апалар үшін арнайы дастархан жайылып, әжелер батасын берді.

Алдағы уақытта сектор бастамасымен «Әжелер мектебі» жұмысын күшейтіп, қыз балалар тәрбиесі үшін маңызды бірқатар шаралар да жоспарға қосылмақ.

Алдағы уақытта, болашақ ана атанатын қыз балалар үшін бұл шаралардың өз нәтижесін берері сөзсіз.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің

баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы