Бейсенбі, 23 Ақпан 2017   |   356 рет оқылды

Қызылордада мешіт жамағаттары арасында жарыс өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен облыс мешіттерінің жамағаттары арасында волейбол ойынынан  жарыс ұйымдастырылды.

Мешіт жамағаттарының бірлігін арттыру, жамағат арасында тығыз қарым-қатынастың болуына атсалысу, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға ықпал ету мақсатында өткізілген жарыс тартысты өтті.

Жарысқа облыс бойынша барлығы 17 команда қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынды қалалық «Нұр» мешітінің жамағаты иеленсе, ІІ орынды «Мүсірәлі ата» мешітінің жамағатынан құралған команда иеленді. Ал, ІІІ орынды «Төлен ата» мешітінің жамағаттарынан құралған команда еншіледі.

Қатысушылар арнайы алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мешіт жамағатының ауыз біршілігін арттыру, ынтымақ, бірлігін нығайту бағытындағы шаралар өз жалғасын таба бермек.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы