Жұма, 03 Наурыз 2017   |   470 рет оқылды

Қызылордада мүгедек балаларға қамқорлық жасалды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария»  мешітінің ұйымдастыруымен жоғары дәрежеде қайырымдылық шарасы өтті.

Қалаға қарасты Талсуат елді мекенінде орналасқан балаларды оңалту орталығында өткен қайырымдылық шарасына ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы  қатысты.

Оңалту орталығында ең алдымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында арнайы эстафета ойындары өтіп, балалар марапатқа ие болды.

Қасиетті Құранда «Алла жолында мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетеді»  деп айтылған.

Осы орайда, аталмыш орталықтың бөлмесіне мешіт тарапынан татами, яғни арнайы балалар үшін күресуге арналған кілем, былғары қолғап киген балалар үшін соққылауға арналған қап және жаттығу құралы сыйлыққа табысталып, балалар қуанышқа бөленді.

Өз кезегінде орталық басшылығы мешіт ке зор алғысын жеткізді.

Жалпы аталмыш орталыққа жыл сайын мешіт тарапынан тұрақты қайырымдылық жасалып келеді.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті, Арал аудандық орталық мешіті мен Талсуат ауылдық округіндегі «Ерназар мақсұм» мешіттерінің  атсалысуымен болған шара көпшілік көңілінен шықты.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы