Жұма, 03 Наурыз 2017   |   186 рет оқылды

Қызылордада 100 мүгедекке көмек берілді

Қасиетті Құранда «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер),  Алла оның сауабын еселеп қайтарады.»  делінген.

Қайырымдылық жасауды негізгі жұмыстарының біріне санаған ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария»  мешітіндеарнайы қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде барлығы 100 мүгедек азамат пен азаматшаларға арнайы дастархан жайылып, олардың отбасына азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы өз кезегінде көмек алушыларға насихатын жеткізіп, алғысқа ие болды.          

Орталық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы