Дүйсенбі, 06 Наурыз 2017   |   351 рет оқылды

Имамдық қызметтің жауапкершілігі айтылды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен облысымызда  РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы іс-сапармен болды. Іс-сапар барысында Р.Батталұлы облысқа қарасты аудан, қала, кент мешіттерінің имам-молдаларымен кездесіп, арнайы семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингті орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізіп отырды. Ризабек Батталұлы негізінен имамдық қызметтің жүктейтін жүгі мен жауапкершілігі турасында насихат айтып, біршама кеңестер берді.

Ол сөзінде қазіргі заманимам-молдалары ғаламтор, ақпарат алмасу және байланыс құралдарын жете меңгеруі, шешендік өнер мен сөйлеу әдебін игеруі керектігі, әрбір уағызын тарихпен, салт-дәстүрмен сабақтастыра білуі, салиқалы шешендік сөздермен үйлестіруі қажеттігін баса айтты.

Ілімін жетілдіру мен тақуалықты күшейтудің маңызын да жеткізді. Жалпы, имамдардың біліктілігін арттыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Қызылорда облыстық  «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы