Бейсенбі, 09 Наурыз 2017   |   309 рет оқылды

Ризабек Батталұлы «Дін мен Діл» бағдарламасында

Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Ризабек Батталұлы Сыр еліне жасаған іс-сапарында жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының  «Дін мен Діл» бағдарламасына қатысты.

Бағдарламаны ЖАНТ мүшесі, Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы Б.Оспанов жүргізді.

Бағдарлама аясында Ризабек Батталұлы исламдағы әйел аналардың орны турасында насихат айтты.

Ислам дініндегі әйел аналарды құрметтеудің маңыздылығына тоқталған  РАНТ мүшесі Ислам діні әйел баласын ана ретінде аса қадір тұтқандығын жеткізіп, «Жұмақ – аналардың табанының астында»  деген ұғымның астарында терең мән бар екендігін тілге тиек етті.

Бұдан бөлек сұхбатқа құрылған бағдарламада Р.батталұлы қоғамда орын алған діни ахуалдарға тоқталып, біршама сұрақтарға жауап берді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт –Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы