Бейсенбі, 09 Наурыз 2017   |   194 рет оқылды

Қызылордада мереке күні қарт аналарға қайырымдылық жасалды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті қайырымдылық бағыты бойынша шараларды жүйелі ұйымдастырып келеді.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің имамдары шәкірттерімен бірге қарт аналарға құрмет көрсетті.  Нақтырақ айтар болсақ, ауруханада ем алушы аналарды мерекемен құттықтап, арнайы сый-сияпаттарын табыстап, баталарын алды.

Қазақ қашанда үлкенді құрметтеп, жабырқағанның жанынан табыла білген халық.

Осындай игілікті шаралардың қашанда басы қасында жүретін мешіт имамдары мен шәкірттері үлкендердің батасын алып қана қоймай, өзгелерге үлгі бола білді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт –Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы