Жұма, 10 Наурыз 2017   |   157 рет оқылды

Әйелдер-қыздар секторының қарқынды жұмыстары

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің әйелдер-қыздар секторы бірнеше қарқынды жұмыстар атқарып келеді.

Атап айтар болсақ, қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында студент жастармен кездесулер ұйымдастырып, жат ағымның алдын алудағы маңызды мәселелерді, Исламдағы қыз баланың тәрбиесі төңірегінде насихаттар жүргізуде.

Сондай-ақ, студент жастармен  Елбасы Жолдауына тоқталып, жолдауда жүктелген міндеттер жөнінде  өзара пікірлесті.

Әйелдер-қыздар секторының Қызылорда облысы бойынша жетекшісі Файзуллина Марал ұстаздың бастамасымен қаладағы барлық мешіт ұстаздары бірігіп, қайырымдылық шараларын да жүйелі жүргізіп келеді.

Осының бір айғағы ретінде – көктем мерекесі қарсаңындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға жасалған қайырымдылық шарасын атап өтуге болады.

Облыстағы әйелдер-қыздар секторының жұмысы бір жүйеге қойылып, бекітілген жоспарға сәйкес шаралар ұйымдастырылып, көпшілік ризашылығына бөленуде.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы