Жұма, 10 Наурыз 2017   |   335 рет оқылды

Ризабек Батталұлы жамағатпен жүздесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен облысымызда  РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы іс-сапармен болып, біршара шараларға қатысты.

Соның бірі – орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жұма намазын жүргізуі және мешіт жамағатымен кездесулер ұйымдастыруы. Жалпы, Сыр өңірінің халқы РАНТ мүшелерімен кездесуге белсенді түрде қатысып келеді.

Осы жолғы шараларда да уағызға жарыса қатысқан жамағат арнайы келген қонаққа көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, қажетті ақпараттарын ала алды. Кездесулерді бас имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізді.

«Дін – насихат» дейтін болсақ, үздіксіз жүргізілетін насихаттық шараларға қатысушы жамағаттар саны жыл сайын артып келеді.

Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық  «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы