Дүйсенбі, 13 Наурыз 2017   |   243 рет оқылды

Аналарға құрмет көрсетілді

«Жаннат –ананың табанының астында» деген сөз көп нәрсені ұғындырса керек. Анаға құрмет көрсету, ата-ананың разылығын алудың маңызы өте зор.

Осы орайда ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің әйелдер-қыздар секторы «Анаға құрмет – Отанға құрмет» атты іс-шара ұйымдастырды.

Шараға облысымыздағы қажы апалар шақырылып, арнайы дастархан жайылды.

Кездесуге облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қатысып, аналарымызға имандылық тұрғысында, үлкенге құрмет көрсету туралы уағыз-насихатын жеткізді. Өз кезегінде шақырылған аналарымыз жастарға тәрбиелік мәні зор өсиеттерін жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.

Шараның өткізілуіне мұрындық болған әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Файзуллина Марал ұстазға алғыс білдірілді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы