Дүйсенбі, 13 Наурыз 2017   |   211 рет оқылды

Оқушыларға сыйлық жасалды

Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жастар, арнайы бейімдеу орталықтарында білім алатын жасөспірімдер де бар екендігі аян.  Бұл бағытта мешіттер тарапынан жыл сайын қамқорлық шаралары жасалып, арнайы сый-сияпаттар ұсынылып келеді. Бұл дегеніміз  - қайырымдылықтың, мейірім танытудың бір бөлшегі десек те болады.

Қызылорда қалалық «Айтбай» мешіті мен «Мүбарак» мешіті қаладағы арнайы оңалту орталығында білім алатын оқушы балаларға көмек көрсетті. Атап айтар болсақ, олардың білім алатын мектебіне, арнайы оқушылар үшін спорттық қажеттіліктерді сыйға тартты. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға ықпалы тиер вело-тренажер, арнайы былғары қолғап үшін соққы құралы және волейбол, баскетбол, футбол ойындарына арналған доптар табыс етілді.

Қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы, Жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Керімбеков Нұржан Прәліұлы мектеп ұжымына аталмыш сыйлықтарды табыс етіп, бала тәрбиесі, ілім алу тұрғысында насихатын жеткізді.

Мектеп әкімшілігі мешіт ұжымдарына алғыстарын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы