Сейсенбі, 14 Наурыз 2017   |   291 рет оқылды

Имамдарға көркем уағыз айту бойынша семинар өтті

Имам – діннің айнасы. Халықтың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм құбылыстарының алдын алу, Ислам дінінің өркен жаюына ықпал етуіне үлес қосар бірден бір тұлға да осы имам. Қазіргі таңда имамдарға қойылатын талаптың, жауапкершіліктің жүгі ауыр.

Әсіресе халықтың алдына шығып, уағыз-насихатын жеткізетін имамның әрбір жүріс-тұрысы, сөз сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстауы, тыңдармандарын өзіне қарата білуі де үлкен дайындықты қажет етеді.

Осы тұрғыда имамдардың көркем уағыз айту және шешендік қабілетін арттыру мақсатында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті арнайы семинар – тренинг ұйымдастырды.

Имамдарға арналған семинар-тренингті профессор, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы Мұрат Әбзелбаев жүргізді.

Семинар – тренингтің алғы сөзінде өкіл имам  Т.Омаров: «Имамдардың көркем уағыз айта білуі, оның қызметінің жемісті болуының бір кепілі. Сауаттылықпен қатар шешендік шеберлік те  имамдарға өте қажет қасиет» - деп атап өтті.

Семинар-тренигтен қатысушы имамдар өздеріне қажетті мол мағлұматтарды ала білді.

Семинарда имамдардың халық алдында өзін-өзі ұстауы, дұрыс сөйлеуі, ойдың шашыраңқы болмауы, сөздің анық шығуы, уағызды дұрыс жеткізе алуы секілді біршама мәселелер қозғалып, маман тарапынан тренинг жүргізіліп, әдіс-тәсілдері айтылды.

Алла Тағала  «Ниса» сүресінің 63-аятында: «...Оларға үгіт бер де, әсерлі сөз сөйле» деп айтқан.

Имамдардың әсерлі сөз айтып, әсерлі әрі нәтижелі үгіт жүргізуі үшін аталмыш шешерлік сабағының берері мол болды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы