Сейсенбі, 14 Наурыз 2017   |   333 рет оқылды

Әйелдер-қыздар секторы қайырымдылық Жәрмеңкесін өткізді

Қайырымдылық жасау – сауапты іс. Бүгінгі таңда қаладағы мешіттер тарапынан қайырымдылық жасау, қамқорлық көрсету, мұқтаж жандарға қол ұшын созу сынды сауапты істер көптеп ұйымдастырылып келеді.

Солардың қатарында облыстағы әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыратын қайырымдылық жәрмеңкелері де бар.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде облыстық әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткізілген қайырымдылық жәрмеңкесіне қыздар жамағаты, шәкірттер белсене атсалысты. Олар өз кезегінде пісірілген тәттілерін, қолөнер бұйымдарын саудаға салып, өзіндік үлес қосты.

Жәрмеңкеден түскен қаражат мешітке көмек сұрап келуші мұқтаж жандар үшін жұмсалды.

Сондай-ақ, Байқоңыр қаласы "Жәрімбет" мешітінің ұстазы Сыдыкова Ләззат ұстаз шәкіртерімен бірігіп, қайырымдылық жәрмеңкесі аясында жағдайы төмен отбасыларға тәттілерден сыйлықтар таратты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы