Сәрсенбі, 15 Наурыз 2017   |   282 рет оқылды

Батыр аналармен өткен кездесу

Адамзат баласы ана алдында қашанда басын иеді, анаға мәңгілік қарыздар. Ақ жаулықты аналарымызға құрмет көрсету, оларды мейірімге бөлеу толассыз жүргізілуі тиіс сыйластық болуы керек.

Осыған байланысты, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен батыр аналармен кездесу өтті.

Елімізге еңбегі сіңген, ұрпақ тәрбиелеп, Отан үшін, қазақ халқының намысы үшін аянбай тер төгіп, жастық өмірін жарқын болашаққа арнаған аналарымыз мешіт ұжымы арнайы жайған дастархан басында бас қосты.

Бұл басқосуға орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қатысты. Бас имам аналарымызды мешіт тарапынан өткізілген шаралармен таныстырумен қатар, облыстағы діни ахуал тұрғысында, имандылық, анаға құрмет туралы әсерлі насихатын да айтты.

Шараға қаламыздағы әжелер ансамблі  де қатысып, өнерлерімен бөлісті. Бас имам Т.Омаров қатысушы аналарға мешіт тарапынан сый-сияпатын ұсынды.

Өз кезегінде батыр аналарымыз мешіт ұжымына шексіз алғыстарын жеткізіп, батасын берді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы