Сәрсенбі, 15 Наурыз 2017   |   351 рет оқылды

Мешіт жанында «шын жүректен» еріктілер Тобы құрылды

Бүгінгі таңда мешіттерге қол ұшын созып, мешіт тазалығына, қоғамдық жұмыстарға жамағаттардың бірауыздан араласуы, көмектерін көрсетуі жақсы көрініс тауып келеді.

Осы бағытта Қызылорда қалалық «Айтбай»  мешітінің жанында жамағаттардан құралған «Шын жүректен» еріктілер тобы құрылып, мешітке қатысты қоғамдық жұмыстарға белсене араласуды қолға алып, үлесін қосуда.

Өткен сенбіде «Шын жүректен» еріктілер тобының атсалысуымен мешіт айналасына тазалық жұмысы жүргізілді. Тазалық жұмысына қатысқан «Айтбай» мешітінің бас имамы Нұржан Пірәліұлы жастарға игі бастамалары үшін алғысын жеткізді. Сондай-ақ, тазалық турасында насихатын айтып, мешітке қызмет етудің сауабы турасында сөз етті.

«Шын жүректен» еріктілер тобындағы жастар алдағы уақытта да қала мешіттеріндегі біршама жұмыстарға қол ұшын созып, Жалпы және жастар бөлімінің қызметін жандандырып, мешіт жамағаттарының бірлесуі бағытында жұмыстарын жалғастыра бермек.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы