Жұма, 24 Наурыз 2017   |   415 рет оқылды

«Ашық есік» күні өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Ашық есік» күні өткізілді.

Өткізілген шараның негізгі мақсаты – мекемелер, кәсіпорындар ұжымына, жастарға мешіт тынысын таныстырып, өкілдік тарапынан атқарылған шаралармен жете таныстыру болды.

«Ашық есік» күніне қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастары, ұстаздар және бірнеше мекеме ұжымдары белсене қатысты.

Шара барысында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қатысушыларды мешіт атқарған жұмыстармен таныстырып, 2016 жылғы атқарылған шаралар бойынша есепті тыңдатты.

Қатысушылар орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жұмысынан хабардар болып қана  қоймай, еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы