Дүйсенбі, 27 Наурыз 2017   |   376 рет оқылды

ҚАЛАЛЫҚ «АЙТБАЙ» МЕШІТІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Қызылорда қалалық «Айтбай» мешіті Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін атап өтті. Қазақтың салт – дәстүріне тұнған Наурыз мейрамын дінмен ұштастыра білген мешіт ұжымы аталмыш шараны өз дәрежесінде өткізді. Қасиетті жұма күні ұйымдастырылған мерекелік шара аясында барша жамағатқа арнайы наурыз көже пісіріліп, таратылды.

Мешіт ауласында арқан тарту, асық ату, қол күрес сынды қазақтың ұлттық ойындары ойналып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Айтбай» мешітінің бас имамы, Жалпы және жастар бөлімінің жетекшісі Керімбеков Нұржан Пірәліұлы жамағатпен үндескен түрде, бірлесе шараларға атсалысып, ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті.

Сондай-ақ, әйелдер-қыздар жамағаты да бұл шарадан тыс қалмады. Бас имам Н.Керімбеков шара аясында тұсау кесер рәсіміне қатысып, бүлдіршіннің тұсауын кесті.  Сонымен қатар,қазақтың  бесікке салу дәстүрі де орындалып, көпшілік риза болды.  Қатысушы барлық жамағатқа арнайы дастархан жайылып, насихат айтылды.

Наурыз мерекесінің құрметіне тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық жасалып, арнайы «Наурыз – сарқыт» атты мерекелік пакеттер таратылып, азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.

Жамағаттың көңілін көтеріп, ауызбіршілігін арттырып, қуанышқа бөлеп, ізгі-тілектер айтысып, жақсылыққа үндейтін Алланың Хақ діні – Исламға қайшылығы жоқ халқымыздың ежелден тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі осылайша аталып өтті.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы