Дүйсенбі, 27 Наурыз 2017   |   467 рет оқылды

МЕШІТ АУЛАСЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҮРГІЗІЛДІ

Тазалық – иманның жартысы. Оның ішінде мешіт ауласын, мешіт ішін таза ұстауды мешіт имамдары да назардан тыс қалдырған емес.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ауласына сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Мешіт жамағаттары мен мешіт имамдары тазалық жұмыстарына белсене атсалысты.

Мешіт ауласына көшеттер отырғызылып, арықтар тазартылды. Сондай-ақ қыздар жамағаты мешіт ішіне тазалық жұмыстарын жүргізіп өз үлестерін қосты. Жалпы, көктем айларында мұндай сенбілік жұмыстары жүйелі жүргізілетін болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы