Дүйсенбі, 03 Сәуір 2017   |   290 рет оқылды

Орталық мешіттегі «Наурыз»

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сыржария» мешіті Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтті. Мешіт ауласында арнайы киіз үйлер құрылып, қазақы нақышта безендіріліп, қатысушыларға арнап арнайы дастархан жайылды.

Қазақтың ұлттық тағамдарынан  ауыз тиюмен қатар, қатысушы тұрғындар ұлттық ойындардың куәсі болды.

Мешіт ауласында арнайы арқан тарту, қол күрес, қазақша күрес ойындарынан сайыстар өтіп, жеңімпаздар марапатталды.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы барша қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, аталмыш мерекенің қазақ халқының өміріндегі маңыздылығына тоқталды.

Мерекені атап өтуге қатысқан өнерпаздар арнайы қойылым қойып, көптің көңілінен шықса, әжелер ансамблі әннен шашуларын шашты.

Жалпы, жыл сайын Наурыз мейрамы мешіттерде өз деңгейінде атап өтіледі.  Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ұлықтап, Ұлыстың Ұлы күнін осылайша атап өтуді дәстүрге айналдырған мешіт ұжымына тұрғындар да ризашылығын жеткізді.

Қызылорда облыстық  «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы