Сейсенбі, 04 Сәуір 2017   |   360 рет оқылды

«Аялы ағаш – саялы» атты сенбілік өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі бірлескен іс-шара жоспары аясында «Аялы ағаш – саялы» атты көктемгі ағаш егу сенбілігін ұйымдастырды.

Облыстық балалар ауруханасының ауласында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері және әлеуметтік желідегі белсенділері барлығы 100 түп ағаш екті.

Одан бөлек аурухана ауласын күл-қоқыстан тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш сенбілік жұмыстары мамыр айының 15-не дейін жалғасатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы