Сейсенбі, 04 Сәуір 2017   |   280 рет оқылды

Сахабалар өмірінен сабақ өтуде

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде облыс бойынша әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Файзуллина Марал сахабалар өмірінен сыр шертетін сабақтар легін бастап кетті.

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің әйелдер жамағатымен 82 сахабаның тарихын түсіндіру мақсатында сол сахабалардың жолымен жүріп, әрі иман күшейту мақсатында алғашқы сабақтар сахаба аналар тарихынан басталды.

Кезекті сабақ алтыншы сахаба анамыз АТИКА БИНТИ ЗӘЙД (Р.А.) анамыз туралы болды.

Сабақ барысында әйелдер-қыздар жамағатына әйел адамның Ислам дініндегі ролі, әйел адамның тақуалығы мен ері алдындағы міндеті турасында көбірек сөз болды.

Сондай-ақ, сахаба әйелдердің Ислам дініне сіңірген еңбегі мен олардың дінді ұстанудағы табандылығы насихатталды.

 «Әйел – отбасындағы бақыт пен берекенің ұйытқысы. Аналық міндеттерін мінсіз орындаған аналарымыздың өміріне көз жүгіртер болсақ, сахаба әйелдер бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Оларды дінге қызмет ету жолында қиындыққа еш мойымауға, Алла жолында жан беруге әзір елгезек жан етіп тәрбиелеген» деп Марал ұстаз өз сөзінде атап өтті.

Бұл бағыттағы сабақтар кестеге сәйкес өз жалғасын таба береді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы